Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылға арналған "Парыз" сыйлығы мен "Алтын сапа" байқауының жеңімпаздары анықталды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
"Парыз" сыйлығының бас жүлдесі мыналарға берілді:
- ірі кәсіпкерлік субъектілері арасында – Абай ауданынан "Бақыршық тау-кен кәсіпорны" ЖШС;
- шағын және орта бизнес өкілдері арасында – Қызылорда облысынан "Абай Дәулет" ЖШС.
Гран-при өз жұмысында және корпоративтік, әлеуметтік және экологиялық жауапкершілік қағидаттарын жүзеге асыруда ең жоғары нәтижелерге қол жеткізген үміткерлерге беріледі.
Оқи отырыңыз: Тоқаев: Ауыл тұрғындарына шағын несие беру үшін 100 миллиард теңге бөлінеді
"Алтын сапа" байқауында "Үздік индустриялық жоба" номинациясы бойынша Қостанай облысынан "Деп" ЖШС, "Үздік инновациялық жоба" номинациясында Маңғыстау облысынан Cleanfield Kazakhstan ЖШС жеңімпаз атанды.