Құлсары қаласындағы ерекше үлгіде жобаланған Халықов атындағы мектеп сыныптарында терезелер шатырға салынған. Оның үстіне желдету жүйесі де жасалмаған. Осыған байланысты мұғалімдер сабақты күнара далада өтуге мәжбүр, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Мектептің бастауыш сынып мұғалімі Жанаргүл Шарғабаеваның айтуынша, мектеп іші қапырық, демалу өте қиын. Әсіресе қыркүйек-қазан айдарында және наурыз айынан бастап оқу дылының соңына дейін мқғалімдер де, балалар да қиналады.
Шатырға салынған терезелер тым биікте орналасқандықтан оны ашу мүмкіндігі жоқ. Мұғалімдердің сөзінше, терезелер мектеп салынғалы бері ашылмаған. Ал желдету жүйесі мектепте мүлде жоқ. Ата-аналардың біразы балаларын басқа мектепке ауыстырған, қалғандары мектепке желдеткіш әкеліп берген.
Жылыой ауданы білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Гүлжансара Таңатарованың айтуынша, мектептің желдету жүйесін жасауға биыл ғана 800 миллион теңгеден астам қаражат бөлінген. Алайда тендер әлі өткізілмепті.
Материалдың толық нұсқасын төмендегі видеодан көріңіз: