Тікелей эфир

Қазақстандықтар көбінесе қандай смартфон ұстайды?

Қазақстанда смартфондардың құны бір жыл ішінде  3,1 пайызға қымбаттады.

StatCounter мәліметтері бойынша, биыл маусым айында Samsung әлемдегі ең танымал смартфон бренді атанды. Ол әлемдегі ұялы телефон жеткізушілер нарығының 28,24 пайызын алып отыр, деп хабарлады finprom.kz сайты.

Ал Apple смартфондары нарықтың 27,22 пайызын алып, екінші орынға табан тіреді. Ең танымал үштікті 13,05 пайызбен Xiaomi бренді түйіндеді. Үздік бес брендке Huawei мен Oppo да кірді.

Аталған брендтердің өнімі Қазақстанда да танымал. Алайда жергілікті нарықтағы жеткізушілердің үлесінде айтарлықтай айырмашылық бар. Атап айтсақ, елімізде нарықтың:

  • 35,68 пайызын – Samsung;
  • 25,37 пайызын – Apple;
  • 18,64 пайызын – Xiaomi;
  • 7,54 пайызын – Oppo;
  • 5,73 пайызын Huawei смартфондары алады.

Қазақстанда смартфондардың құны бір жыл ішінде 3,1 пайызға қымбаттады. Оның ішінде Алматы қаласы, Ақтөбе және Алматы облыстарында баға айтарлықтай жоғары.


Оқи отырыңыз: iPhone 14 әлемдегі ең қымбат смартфондардың бірі болады

Серіктестер жаңалықтары