Сайысқа 10 мемлекеттен 350-ден астам спортшы қатысты.
14-17 шілде күндері Астана қаласында ересектер арасында белбеу күрестен әлем чемпионаты өтті. Бұл туралы ішкі істер министрлігі хабарлады.
Сайысқа 10 мемлекеттен 350-ден астам спортшы қатысты.
Әлемдік додада Қазақстанның намысын қызылордалық полицей қыз қорғады. Полиция департаментінің Жылдам қимылдайтын арнайы жасағы саптық бөлінісінің инспекторы Арайлым Оразбай 76 келі салмақ дәрежесінде бақ сынады.
"Ол 5 елдің спортшыларымен күресіп, нәтижесінде финалдық кездесуде өзбекстандық қарсыласын аса басыдықпен жеңіп, табандылық пен жеңіске деген мұқалмас ерік-жігер көрсетті", – делінген хабарламада.