Тікелей эфир

Қазақстандағы Сбербанк енді "Береке банк" деп аталады

Ресейлік банктің Қазақстандағы еншілес банкін "Бәйтерек" холдингі сатып алған болатын.

Сбербанктің Қазақстандағы бұрынғы еншілес банкінің атауы "Береке банк" болып өзгереді. Бұл туралы "Бәйтерек" холдингінің төрағасы Қанат Шарлапаев Shishkin_like Telegram-каналына берген сұхбатында хабарлады.

"Жаңа банк "Береке банк" деп аталады. Қазақша жақсы сөз. Біздің бәріміз оны бір-бірімізге тілейміз. Сондықтан меніңше бұл банк бұған дейін жұмыс істеген және бұдан кейін де жұмысын жалғастыратын құндылықтар мен мүдделерді айшықтайды", – деді Қанат Шарлапаев.

Қыркүйек айының басында "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі мен "Сбербанк тобы" Сбердің Қазақстандағы еншілес банкінің барлық акциялар пакетін сату-сатып алу жқнінде мәлімені аяқтаған болатын. Бұдан кейін банкте ребрендинг жүргізілетіні хабарланды.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары