Былтырғы маусым айымен салыстырғанда тариф 31%-ке қымбаттады.
2023 жылғы маусымда Қазақстан бойынша қоқыс шығарудың орташа тарифы 403 теңге (бір адамға) болды. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.
Былтырғы маусым айымен салыстырғанда тариф 31%-ке қымбаттады.
"Ең жоғары тариф Алматыда – 553 тг, Ақтауда – 504 тг (2022 жылғы маусым – 250 тг.), Оралда – 496 тг (2022 жылғы маусым – 286 тг.) қалаларында тіркелді. Қоқыс шығарудың ең төмен бағасы Тараз қаласында – 94 тг, онда тариф былтырдан бері өзгермеген", – делінген хабарламада.