Тікелей эфир

Қазақстанда темекі өнімдерін ашық сатуға тыйым салынды

Шылым тұрған сөренің беті жабылмаса, кәсіпкерге 1 миллион теңге айыппұл салынады.

Мұндай қатаң талап еліміздегі шылым шегушілердің санын азайту үшін қабылданған. Бірақ жасырын сауданы кәсіпкерлер қолдап отырған жоқ. Шылымды жұрт көзінен тығылып сатқаннан темекі тартатындар азайып кетеді дегенге олар сенбейді, деп хабарлады 31-арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Жаңа заңға сәйкес барлық шылым түрі арнайы жабық құрылғының ішінде тұруы тиіс. Бірақ, темекі өнімі туралы толық ақпарат ақ қағазға қара сиямен жазылып тұрады. Яғни, тұтынушы алдымен ақпаратпен танысып, кейін өзіне қажет шылымды сатып ала алады. Заң күшіне ене сала, саудагерлер шылымды көрінбейтіндей етіп, тасалаған. Себебі, темекіні әдеттегідей ашық саудаға салған кәсіпкерге 180 мыңнан 1 миллион теңгеге дейін айыппұл салынуы мүмкін.

Материалдың толық нұсқасын төмендегі видеодан көріңіз:

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары