Қазақстанда шетелдіктер үшін туристік салық алынып тасталды. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі хабарлады.
"ҚР Туризм және спорт министрінің 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 347 бұйрығымен шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларына өзгерістер енгізілді, оған сәйкес Қазақстанның бүкіл аумағында нөлдік мөлшерлеме қолданылатын болады. Өзгерістер осы жылдың 9 қаңтарында қолданысқа енгізіледі", – деп жазылған хабарламада.
Қазақстанда 2023 жылдың басынан бастап туристік жарна енгізілді. Оны енгізудің негізгі мақсаты – Қазақстанның өңірлік туризмін дамытуға қаражат жинақтау. Жарнаның ең төменгі мөлшерлемесі туристер санының артуына байланысты 0,3 АЕК (2023 жылы 1035 теңге) және ең жоғарысы – 0,5 АЕК (1725 теңге) болды.
Оқи отырыңыз: Қазақстанға келген әр турист 1500 доллар көлемінде табыс әкеледі
Алайда, алымның енгізілуі отандық кәсіпкерлер мен туристерге қолайсыздық тудырды. Сондықтан олар одан бас тартуға шешім қабылдады.