Тікелей эфир

Қазақстанның қай өңірлерінде және қандай сала дәрігерлері тапшы?

Денсаулық сақтау министрінің айтуынша, қазіргі таңда Астана, Қостанай, Солтүстік Қазақстан өңірлерінде дәрігер жетіспейді.

Қазақстанда 3 900 дәрігер жетіспейді, деп мәлімдеді денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәжіліс кулуарында. Министрдің айтуынша, жыл сайын медицниалық оқу орындарынан 4 мыңнан астам дәрігер түлеп шығады. Алайда, оларға аймақтарға қолдау дұрыс көрсетілмейді.

"Дәрігерлер аймақтарға келген кезде оларға әлеуметтік қолдау көрсетілуі керек. Ол – қызметтік үй беру, заңмен бекітілген көтерме жәрдемақы беру. Барлық өңірде бұл беріле бермейді", – деді министр.


Оқи отырыңыз: Денсаулық министрі стоматологиялық қызмет барша халыққа неге тегін көрсетілмейтінін түсіндірді


Ажар Ғиният бұл мәселені шешу үшін өңір әкімдерімен кездесіп, жағдайды түсіндіріп жүргенін айтты.

"Біз өз тарапымыздан грант санын көбейтіп, түлектерді мақсатты түрде сұраныс бар, жетіспейтін өңірлерге бағыттаймыз. Қазіргі таңда Астана қаласы, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында дәрігер жетіспейді. Оның ішінде жалпы практика дәрігері, акушер-гинеколог, педиатр, пульмонологтар жетпейді", – деді министр.

Серіктестер жаңалықтары