Қазақстанда гранттар беретін халықаралық және мемлекеттік ұйымдардың, шетелдік және қазақстандық үкіметтік емес қоғамдық ұйымдар мен қорлардың тізбесінде 99 ұйым мен қор болса, бұл тізімге Германиядағы Гете институты қосылады. Бұл туралы Ашық НҚА порталында қоғамдық талқыға ұсынылған Үкімет қаулысының жобасында жазылған.
"Гете институтын тізімге енгізу мемлекеттік органдардың білім беру қызметтеріне гранттар алу, тәжірибе алмасу, реформаларды сараптамалық сүйемелдеу және басқа да бағыттар мүмкіндігін кеңейтеді" деп жазылған қаулы жобасында.
Қазақстандағы Гете институты Алматы қаласында жұмыс істейді.
Қазіргі таңда тізімде 99 ұйым мен қор болса, олардың 54-і – халықаралық, 45-і – мемлекеттік ұйымдар. Тізіммен осы сілтеме арқылы өтіп танысуға болады.
Оқи отырыңыз: "Қазақстанда азаматтық қоғам бар деуге әлі ерте". Оның болашағы бар ма?
Үкімет қаулысының жобасы 7 желтоқсанға дейін қоғам талқысына ұсынылған.