2022 жылы Қазақстанда орташа айлық жалақы 309,9 мың теңгені құрады. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 23,8% артық. Инфляцияны ескерсек, сатып алу қабілетінің артқанын көрсететін нақты жалақының өсімі 7,6% болды. Бұл туралы finprom.kz хабарлады.
2022 жылы ерлердің жалақысы орташа есеппен 355,3 мың теңге болып, бір жылда 26,3% көбейген, ал әйелдердің жалақысы — 265,8 мың теңге болып, бір жылда 20,7% көбейген.
Жалақы айырмашылығы айтарлықтай көп: 33,7%. Ерлердің жалақысы республикалық орташа деңгейден 14,7% көп болса, әйелдердікі 14,2% аз.
Өңірлер бойынша ерлердің ең жоғары орташа айлық жалақысы Атырауда – 631,8 мың теңге, Маңғыстауда – 590,6 мың теңге және Ұлытауда – 489,1 мың теңге, ал ең төменгі жалақы— Жетісу облысында: бар болғаны 226 мың теңге.
Оқи отырыңыз: Ұлттық статистика: Қазақстандықтардың орташа жалақысы 365 502 теңгеге дейін өсті.
Әйелдердің ең жоғары орташа айлық жалақысы Астанада тіркелді: бір жыл бұрын 306,7 мың теңге болса, қазір 365,1 мың теңге. Үздік үштікке Атырау облысы – 339,8 мың теңге және Алматыда – 320,1 мың теңге.
Білім саласында ғана әйелдер ерлерден көп алады. Айырмашылық – 4,8%.