Мектепке дейінгі білім беру жүйесіне балабақшалар жұмысының сапалық көрсеткіштерін енгізу қажет, деді премьер-пинистрдің орынбасары Ералы Тоғжанов тамыз конференциясында.
"Мектепке дейінгі білім беру сапасын арттыру керек. Мектепке дейінгі ұйымдардың жұмысын жақсарту үшін балабақшалар жұмысының сапалық көрсеткіштерін әлемдік тәжірибеде қабылданған Starting well рейтингіне енгізуді тапсырамын", – деді Ералы Тоғжанов.
Ералы Тоғжановтың айтуынша, оған ата-ананың қанағаттану деңгейі, қоғамдық пікір, балалардың даму деңгейі, тамақтану сапасы және тағы басқа да көрсеткіштер кіретін болады.
"Сонымен қатар мектепке дейінгі ұйымдарда балаларды ерте дамыту әдістерін енгізу бойынша жұмысты жандандыру қажет", – деп қосты премьер-министрдің орынбасары.
Оқи отырыңыз: Жеке балабақшалар аттестациядан қалай жалтарады?