Жиында ұйым қызметіндегі маңызды сәттер талқыға түсіп, шешімдер қабылданды. Бұл туралы Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
ҚР Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Тимур Құлыбаев Бас Ассамблея мүшелеріне ұйым президенті ретіндегі өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылданғанын хабарлады. Бас Ассамблея мүшелерінің дауыс беру қорытындысы бойынша ҚР Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті болып қазақстандық боксшы, 2004 жылғы Афина Олимпиадасының күміс жүлдегері Геннадий Головкин сайланды.
ҚР Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің Атқарушы комитеті мен Тексеру комиссясының құрамы өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты жұмысын аяқтады. ҚР Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің Бас Ассамблеясы мүшелерінің дауыс беру қорытындысына сәйкес, Атқару комитет пен Тексеру комиссиясына төмендегі құрам сайланды:
- Бас хатшы Жанар Утешева;
- Жазғы спорт түрлері бойынша Данияр Абулғазин, "Қазақстан Республикасы үстел теннисі" ҚҰ президенті;
- Қысқы спорт түрлері бойынша вице-президент Мамин Асқар Ұзақбайұлы, "Шайбалы хоккей федерациясы" РҚҰ президенті;
- Жалпы сұрақтар бойынша вице-президент Мырзабосынов Ербол Қуантайұлы, спорт және дене шынықтыру істері жөніндегі Комитет басшысы;
- Паралимпиадалық спорт түрлерін дамыту жөніндегі вице-президент Сапиев Серік Жұманғалиұлы, Олимпиада ойындарының чемпионы (2012);
- Спортшылар Комиссиясының өкілі ҚР ҰОК спортшылар Комиссиясының өкілі Рыпакова Ольга Сергеевна, Лондон Олимпиадасының чемпионы (2012), Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері (2008) және Рио-де-Жанейро Олимпиадасының қола жүлдегері (2016).
Ұлттық спорттық федерациялардың өкілдері
- Ахметов Даниал Кенжетайұы, "Қазақстан Республикасы жеңіл атлетика федерациясы" РҚҰ президенті;
- Баландин Дмитрий Игоревич, Олимпиада ойындарының чемпионы Рио-де-Жанейро (2016);
- Гаджиев Гаджи Шопиевич, "Ауыр атлетика федерациясы" ҚҰ бірінші вице-президенті;
- Есекеев Қуанышбек Бақытұлы, "Дзюдо федерациясы" РҚҰ президенті;
- Сүлейменов Диас Төлеутайұлы, "Қазақстан Республикасы Ұлттық шаңғы қауымдастығы" президенті;
- Өтемұратов Болат Жәмитұлы, "Теннис федерациясы2 РҚҰ президенті;
- Юсупова Әлия Мақсұтқызы, "Қазақстан гимнастика федерациясы" ҚҰ президенті.
Тексеру комиссиясының мүшелері:
- Төраға Алпамысов Абай Әбдісәметұлы, "Ұлттық Баскетбол федерациясы" РҚҰ президенті.
Оқи отырыңыз: Геннадий Головкин Қазақстан ұлттық Олимпиада комитетінің басшысы болып сайланды
Комиссия мүшелері:
- Серіков Роллан Серікұлы, Qazaq kuresi федерациясының президенті;
Әшімбеков Раббани Абдукамалович, "Қазақстан гимнастика федерациясы" ҚҰ бас хатшысы.