Тікелей эфир

Қазақстан оқушылары алғаш рет робототехника чемпионатында жүлдегер болды

Қоржынға түскен күміс пен екі беделді марапат чемпионат қатысушылары арасында рекордтық көрсеткішке ие.

 

Аустралияда робототехникадан алғаш рет Asia Pacific Open Championship ашық жарысы өтті. Чемпионатқа Алматы мен Астанадан қатысқан оқушылар күміс жүлде алды. Бұл туралы оқу-ағарту минитсрлігі хабарлады. 

Жарысқа АҚШ, Канада, Үндістан және Қытай сияқты әлемнің 10 мемлекетінен 300-ден астам қатысушы жиналды. FIRST Tech Challenge аға санатында Қазақстанның намысын Алматы қаласындағы РФММ мен Астанадағы Нұрорда мектебінің командалары қорғап, алматылық Bolt.M3 командасы чемпионаттың күміс жүлдесі мен ең жоғарғы екі марапатқа ие болды. 

USTEM Robotics қорының басшысы Асылбек Мырзахметовтың айтуынша, ұлттық құраманың қоржынына түскен күміс пен екі беделді марапат чемпионат қатысушылары арасында рекордтық көрсеткішке ие. Бұл команданың жоғары кәсібилігін және Қазақстан мен Орталық Азиядағы STEM дамуына қосқан үлесі жоғары екенін көрсетеді. 

"Бізге Connect Award сыйлығы берілген кезде қатты қуандық, одан кейін Think Award және чемпионаттың күміс жүлдесін берген сәтті сөзбен айтып жіткізу мүмкін емес. Мұндай жарыстар біз үшін үлкен тәжірибе, сондай-ақ кәсіби байланыс орнатудың, өз еліміздің бұл салада жақсы дамығанын өзгелерге көрсетудің мол мүмкіндігі. Жарыстың үш күні бойы матчтар арасындағы үзілістерде біз басқа елдердің қатысушыларымен ұлттық ойындарымызды ойнап, оларға қазақ тағамдарын ұсына отырып, еліміздің мәдениетімен таныстыруға тырыстық", – дейді команда капитаны Таир Каренеев. 

Серіктестер жаңалықтары