Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс отырысында "Қазақстан халқына" қоғамдық әлеуметтік қоры құрылатынын мәлімдеді. Ол қордың елдегі өзге қорлардан айырмашылығын түсіндірді.
"Қазақстан – Конституция бойынша әлеуметтік мемлекет. Мемлекет аз нәрсе тындырып жатқан жоқ. Республикалық бюджеттің 50 проценттен астамын әлеуметтік шығындар құрайды. Бірақ, бұл жеткіліксіз. Бізде ұлттық қор бар, ол – еліміздің қаржылық тірегі. Бүгін "Қазақстан халқына" қоғамдық әлемуеттік қорын құруды тапсырамын. Ол денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау салаларындағы өзекті мәселелерді шешуге көмектеседі", – деді Тоқаев.
Бұл қор қаражатынан сирек ауруға шалдыққан балаларға да көмек көрсетіледі.
"Қалаларда, аудандар мен ауылдарда балаларға спорттық нысандар салынады. Дарынды балаларға көмек көрсетеміз. Мәдениетті қолдаймыз, Алматы қаласына қатігез трагедиядан кейін оңалуына көмектесеміз. Осы қор есебінен қаза тапқан полицейлер мен әскери қызметшілердің отбасыларына қолдау көрсетеміз", – деді мемлекет басшысы.