Шағын және орта бизнесті дамытуға жұмсалуы мүмкін мемлекет ресурстары ірі компаниялардың жобаларына тартылады.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке Қазақстан даму банкінің қызметін қайта құруды тапсырды.
"Мысалы, Қазақстанның даму банкі шын мәнінде қаржылық-өнеркәсіптік және құрылыс топтарын басқаратын санаулы адамның жеке банкіне айналды. Біз бәрінің аты-жөнін білеміз", – деді Мемлекет басшысы Парламент мәжілісінің отырысында.
Президенттің айтуынша, жоғары кабинеттерге қолы жететін ірі кәсіпорындар өз жобаларын жүзеге асыру үшін артықшылыққа ие болады.
"Бұл жобаларға шағын және орта бизнесті дамытуға жұмсалуы мүмкін мемлекет ресурстары тартылады", – деді президент.
Ол үкіметке Қазақстан даму банкінің қызметін қайта құруды тапсырды.