Президенттің сапары алдын ала жоспарланған болатын.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Алматыға келді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
"Ертең президент бірқатар инфрақұрылымдық және әлеуметтік нысандарды аралап, мегаполистің жол-көлік жүйесін дамыту бойынша әкімдіктің жоспарымен танысады. Сондай-ақ сейсмикалық қауіпсіздік мәселелері бойынша кеңес өткізу жоспарлануда", – деп жазылған хабарламада.
23 қаңтарда жер сілкінісінен кейін мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли президенттің 24-25 қаңтарда Алматыға бұрын жоспарланған іссапармен баратынын хабарлады.
Оқи отырыңыз: Депутат таулы аймақтарда екі қабаттан биік үй тұрғызуға тыйым салуды ұсынды