Желдің екпіні 30 м/с жетеді.
"Қазгидромет" РМК-ның мәліметінше, 8-10 ақпанда Қазақстанда Атлант циклонының әсерінен құбылмалы ауа райы күтіледі.
"Күн бұлтты және желді болады. Еліміздің солтүстігінде желдің екпіні 23-28, кей жерлерде 30 м/с жетеді. Солтүстік облыстарда жауын-шашын болып, қалың қар жауып, бұрқасын күтіледі", – деп жазылған хабарламада.
Ауа температурасы аздап көтеріледі, бірақ кезеңнің соңына қарай еліміздің батысында және солтүстік-батысында түнде -12...-20 градусқа дейін күрт төмендейді.
Оқи отырыңыз: Жамбыл облысында қарлы боран салдарынан кейбір жүргізушілер пойызға ауыстырылды