Тікелей эфир

Қарқаралыда екі әйелді тістеген қасқырды іздеп жатыр

Зардап шеккендердің бірін бірнеше жерінен терең тістеп алған.

Қарқаралыда тәртіп сақшылары мен мал дәрігерлері қала шетінде таңертең екі әйелді тістеп алған қасқырды іздестіріп жатыр. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады.

Полиция қызметкерлері бұл адамдарға шабуыл жасаған қасқыр екенін растады.

"Полиция ветеринария органдарымен бірлесіп, жабайы жануарды жою шараларын жүргізуде", – деп жазылған хабарламада.

"Вечерняя Караганда" басылымының хабарлауынша, зардап шеккендердің бірін бірнеше жерінен терең тістеп алған, екіншісі қолынан жарақат алған. Қаладағы көптеген ата-ана балаларын әлі мектепке жібермеуге бел буған. Жергілікті тұрғындардың бірі қаңғыбас иттердің арасында жүрген қасқырды суретке түсіріп алған.


Оқи отырыңыз: Шымкентте қаңғыбас иттер қабірлерді қазуда


 

Серіктестер жаңалықтары