6 қараша күні Алматы – Екатеринбург тас жолында Volkswagen жеңіл автокөлігі мен Volvo жүк көлігі соқтығысты.
Оқиға орнында тергеу тобы жұмыс жасап жатыр. Бұл туралы Рolisia.kz жазды.
"Жол-көлік оқиғасы салдарынан жеңіл автокөліктің жүргізушісі мен оның бес жолаушысы оқиға орнында қаза болды", – деп жазылған хабарламада.
Аталған дерек полицияда тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиға орнында тергеу тобы жұмыс жасап жатыр.
Оқи отырыңыз: Мопед пен мотоцикл жүргізушілері жыл басынан бері 10 мыңға жуық мәрте жол ережесін бұзған