Қазіргі таңда оның "Қазақтелеком" АҚ қаражатын аса ірі көлемде ұрлау фактісіне қатысы тексеріліп жатыр.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану және "Қазақтелеком" АҚ-ның қаражатын аса ірі көлемде ұрлау фактілері бойынша қылмыстық істі тергеуде, деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.
"Аталған қылмыстарды жасады деген күдікпен Қайрат Сатыбалдыұлы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қайрат Сатыбалдыұлының мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде" делінген агенттік хабарламасында.
Тергеу жалғасуда. ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.