Қаладағы Ынтымақ алаңына 10-ға жуық киіз үй тігіліп, әрбір киіз үйдің алдында мерекелік әуендер шырқалып, салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар дәріптелді. Бұл туралы Түркістан облсының әкімдігі хабарлады.
Одан бөлек ұлттық тағамдар байқауы өткізіліп, ұмыт болып бара жатқан тағамдардың түр-түрі әзірленді. Мерекеге арналған 1 тонна бауырсақ, 1 тонна наурыз көже әзірленіп, келген қонақтар мен қала тұрғындарына таратылды.
Қала басшысы алаңдағы киіз үйлерді зиялы қауымдармен бірге аралап, түрлі ұлттық ойындарды тамашалады. Бірі қошқар көтеруден, бірі гір тасын көтеріп сынға түссе, енді топтасқан мықты жігіттер арқан тартысып, ала алашада күрестен сынға түсті.
Оқи отырыңыз: Астанада 127 мың оқушы мен студент бір уақытта қазақ күйлерін орындады. Видео
Мерекелік шара қалалық Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайының өнерпаздары әзірлеген концерттік бағдарламаға ұласты.