Ішкі туристер басқа қалаларға қарағанда Алматыға келгенде көбірек шығындалады.
Қазақстан тұрғындарының ішкі туризмге жұмсаған шығыны 2022 жылы 419,1 млрд теңгені құрады. Ұлттық статистика бюросы саяхатшылардың бұл соманы негізінен не нәрсеге жұмсағанын жариялады.
Ел ішінде саяхаттайтын қазақстандықтар ақшасының көп бөлігін келесілерге жұмсайды:
- 28,5% – киім, аяқ киім, кәдесый, сыйлық, техника, тоқыма тауарлары, бағалы металдар, тастар, антиквариат, көркем өнер заттары және т.б.;
- 27,3% – көлікті жалға алу, бензин;
- 22,3% – азық-түлік, мейрамхана мен дәмханада тамақтану;
- 12,2% – қонақүйде орналасу шығындары. Бұл қазақстандықтардың негізінен туыстары мен таныстарының үйінде орналасатынымен байланысты болса керек.
Өңірлік бөліністе ішкі туристер шығындарының ең көп үлесі Алматы қаласына тиесілі – 8,9%. Бестікке Түркістан – 8,6%, Қарағанды – 7,6% және Алматы – 6,7% облыстары кіреді.
Оқи отырыңыз: Қазақстандықтар шетелге ел ішіне қарағанда 10 есе сирек барады – статистика