Тікелей эфир

Израильдің Ливанға жасаған әуе шабуылынан 500-ге жуық адам қаза болды

Жүздеген отбасы баспанасын тастап қашып жатыр.

Израильдің Ливанға жасаған әуе шабуылынан 500-ге жуық адам қаза болды. Ал жарақат алған жандардың саны мыңнан асып жығылады, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Марқұмдардың арасында әйелдер мен балалар да бар. Бұл туралы Ливанның Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді.

Жүздеген отбасы баспанасын тастап қашып жатыр. Босқындарға арналған уақытша паналау орындары ашылған. Ал Израиль билігі тек "Хезболланың" қару-жарақ сақтайтын қоймаларын атқылап жатқандарын айтады. Олар бейбіт тұрғындарды қауіпсіз жерге көшуге шақырған.

"Хезболла" жасағы да қарап қалмай, қарсы тарапқа соққы жасаған. Тараптар арасындағы қақтығыстың ушығуы әлем елдерін алаңдатып отыр. Тіпті, Біріккен ұлттар ұйымының өкілдері "Ливан тағы бір Газаға айналуы мүмкін" екенін айтқан.

Еске салсақ, өткен аптада Ливанда пейджерлер жарылып, 37 адам мерт болған еді. Осы оқиғадан кейін Израиль мен "Хезболла" бір-біріне қарсы шабуылды үдеткен.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары