
Махаббат – әлемді әсем ырғағында тербейтін ұлы күш. Алайда оның қуатын біз әдетте бағалай бермейтініміз рас. Мән-маңызын ұмытып, жылы сөз айтуда жомарттық танытпаймыз. Дегенмен сезім сөзден қуат алады. Жылы лебіз үп еткен желдей шоқ сезімді лаулата түседі. Оның алауы бізге махаббатсыз дүние бос екенін еске салады.
Енді Informburo.kz оқырмандарында өз сезімін ерекше әдіспен жеткізу мүмкіндігі бар. Жаңа сервис сайт арқылы сырлы сәлеміңізді жеке парақша түрінде жасап береді. Бұл – жай ғана ашықхат емес, бұл – Сіздің сұлу сөзбен өрілген жан сырыңыз.
Сервис қалай жұмыс істейді?
- сілтеме арқылы өтіңіз;
- қажет деректерді толтырыңыз;
- құттықтау тілін таңдаңыз;
- жан сырыңызды арнайтын адамның аты-жөнін жазыңыз;
- сіздің сезіміңізге толы дербес парақшаңыз әп-сәтте дайын болады, оны жаныңызға жақын жанмен бөлісе аласыз.
Махаббат сөзбен сусындайды, бірақ нақты іспен дәлелденеді. Жақыныңызды жаныңызға тартыңыз, жанашыр болыңыз! Жақсы көру – кейінге қалдыратын іс емес, ол жүрекпен қатар соғатын құдірет!