Ішкі істер министрі Ержан Сәденов үкімет отырысында жол ережесін бұзу фактілерін тіркейтін камераларды қоғамдық және жедел жәрдем көліктеріне орнату бастамасы туралы айтты.
Қалаларда жол ережелерін бұзу фактілерін тіркейтін 24 мыңнан астам автоматты камера орнатылған. Сонымен қатар патрульдік автокөліктер де тура сондай жүйелермен жабдықталып жатыр.
"Бүгін осындай жүйелерді маршруттық автобустар, жедел жәрдем және мемлекеттік автокөліктерге орнату мәселелері пысықталып жатыр. Елімізде осындай құрылғылар өндіретін кәсіпорын ашылды. Сондықтан әкімдіктер тез арада осы құрылғыларды алу қажет", – деді министр.
Министрдің айтуынша, осы бастама жүргізу мәдениетін арттыруға және жолда бақылау шараларын күшейтуге мүмкіндік береді.