USDUSD: 502.9 / 507.9
  • EUREUR: 524.5 / 530.5
  • RUBRUB: 5.37 / 5.49
Тікелей эфир
Алматы +1C
  • +1°C Алматы
  • -16°C Астана
  • -2°C Ақтау
  • -15°C Ақтөбе
  • -12°C Атырау
  • -12°C Балқаш
  • -15°C Жезқазған
  • -14°C Қарағанды
  • -11°C Көкшетау
  • -17°C Қостанай
  • -5°C Қызылорда
  • -17°C Павлодар
  • -17°C Петропавл
  • -18°C Семей
  • -9°C Талдықорған
  • 0°C Тараз
  • +1°C Түркістан
  • -21°C Орал
  • -21°C Өскемен
  • +1°C Шымкент
Алматы +1C
  • +1°C Алматы
  • -16°C Астана
  • -2°C Ақтау
  • -15°C Ақтөбе
  • -12°C Атырау
  • -12°C Балқаш
  • -15°C Жезқазған
  • -14°C Қарағанды
  • -11°C Көкшетау
  • -17°C Қостанай
  • -5°C Қызылорда
  • -17°C Павлодар
  • -17°C Петропавл
  • -18°C Семей
  • -9°C Талдықорған
  • 0°C Тараз
  • +1°C Түркістан
  • -21°C Орал
  • -21°C Өскемен
  • +1°C Шымкент

ІІМ: 2024 жылы іздеуде жүрген 2 000-ға жуық қылмыскер ұсталды

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
Алаяқтардың 2 миллиард теңгеден астам қаржыны елден шығаруына жол берілмеді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ішкі істер министрі Ержан Сәденовті қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа елдегі криминогендік жағдай және ішкі істер органдарының "Заң мен тәртіп" қағидатын іске асыру барысы жөнінде ақпарат берілді.

Президентке елімізде қабылданған кешенді шаралар нәтижесінде былтыр қылмыс саны 12,7 мыңға азайғаны баяндалды.

Кейінгі жылдары қылмыс деңгейінің, әсіресе, кісі өлтіру, қарақшылық, тонау мен ұрлық сияқты аса ауыр қылмыс түрлері көрсеткіштерінің айтарлықтай төмендеуі байқалады. Сонымен қатар тергеудің заманауи әдістерін енгізу арқылы қылмыстың барлық санаты бойынша ашылуы жақсара түскен.

Ержан Сәденов қылмыскерлерді іздестіру жұмыстарының нәтижесі туралы айтты. 2024 жылы полиция іздеуде жүрген 1949 адамды ұстаған.

Мемлекет басшысына ұйымдасқан, кибер және есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл, сонымен қатар құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысы таныстырылды. Соның ішінде ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысқаны үшін 264 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Министрдің айтуынша, кейініг 12 айда есірткі таратуға қатысты ақпарат жариялаған 7 500-ге жуық интернет-ресурс анықталды, 22 тоннаға жуық есірткі айналымға жіберілмеді, 64 есірткі зертханасы жойылды. Интернет-алаяқтардың 65 миллион қоңырауы бұғатталды. Нөмірлерді ауыстыруға арналған 48 SIM-box құрылғысы әшкереленді. Алаяқтардың 2 миллиард теңгеден астам қаржыны елден шығаруына жол берілмеді.

Ведомство басшысы кәмелет жасына толмағандардың құқықтарын қорғау, көші-қонды бақылауды күшейту, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қылмыстық-атқару жүйесін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы хабардар етті.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздік деңгейін одан әрі арттыру бойынша бірқатар тапсырма берді.

Серіктестер жаңалықтары