Оқулық "Баршаға арналған ағылшын тілі" аталады.
Қазақстанда IELTS пен TOEFL сынағын тапсыру үшін дайындалуға арналған қазақша оқулық жарық көрді. Бұл туралы Steppe and World баспа үйінің директоры Раиса Сайран Қадыр әлеуметтік парақшасында жазды.
Оқулық қазақтілді аудиторияға арналған және суретті анықтағыш форматында әзірленген.
"Кітапты дайындау ісі пандемияға байланысты үш жылға созылды. Бұл оқулық ағылшын тілін үйренемін деген әр адамның үстелінде тұруы тиіс", – деп жазды Раиса Сайран Қадыр.
Оқи отырыңыз:
- Қазақстан IELTS нәтижелері бойынша Корея, Қытай, Жапония, Өзбекстаннан алда
- "ҰБТ қажет емес". Мектеп түлектерінің шетелде оқуына 10 мүмкіндік