Грантпен оқып, оны жұмыспен өтемегендер ақшаны қайтарады: Бұл қаржы білім кредитін беруге жұмсалмақ

Фото: Информбюро порталы
Фото: Информбюро порталы
Білім кредиттері пайызсыз беріледі.

Қазақстанда мемлекеттік білім грантымен білім алып, алайда оқыған мамандығы бойынша жұмыс істемеген ЖОО түлектері қайтарған қаражатты білім кредиттерін беруге жұмсау жоспарланып отыр. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ашық НҚА порталындағы құжат жобасынан белгілі болды. 

Министрліктің түсіндіруінше, бұған білім кредиттерін беруге бюджет тапшылығы негіз болып отыр. 

Сондай-ақ, білім кредитін беретін оператор ретінде жоғары оқу орнының өзі айқындалады. Сәйкесінше, білім кредитін алушылар қарызын өтеген кезде қаражат жоғарғы оқу орнына түсіп отырады. ЖОО берешек түгел өтелген кезде ғана қаражатты бюджетке қайтарады. 


Оқи отырыңыз:


"Жас мамандардан түсетін жоғарыда аталған қаражат бюджетке түсетін түсімдерді жоспарлау кезінде ескерілмейді, себебі бұл мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде оқытуға байланысты өздеріне жүктелген пысықтау міндетін орындаудан бас тартқан жас мамандардың жауапкершілік шарасы. Осылайша, ұсынылып отырған норма бюджетке түсетін түсімдердің қысқаруына әкеп соқпайды және оған қосымша бюджет қаражатын бөлуді қажет етпей, жоғары білімге мемлекеттік білім беру кредиттерін беруді дамытуға ықпал етеді", – делінген министрліктің түсіндірме жазбасында. 

Еске салайық, білім кредитін алушылар оны оқу аяқталған соң 6 айдан кейін өтеп бастауға міндетті. 

Серіктестер жаңалықтары