Палатаның пленарлы отырысы кезінде Президент әкімшілігінің басшысы Тимір Сүлейменов мемлекет басшысы ұсынған кандидатураны депутаттарға таныстырды.
"Ол басшылық еткен кезде "Қазатомөнеркәсіп" компаниясы қазақстандық биржада IPO-ға шығарылды. Көп жылғы тәжірибесі мен жеке қасиеттері Ғалымжан Пірматовтың Ұлттық банкке жүктелген міндеттер мен мақсаттарға сай тиімді қызмет етуіне көмектеседі деп сенеміз", – деді Тимур Сүлейменов.
Сенат депутаттары Ғалымжан Пірматовты ҚР Ұлттық банк төрағасы лауазымына тағайындауды мақұлдады.
Ғалымжан Пірматов коронавирус жұқтыруына байланысты сенат отырысына келген жоқ. Тимур Сүлейменов оның кейінірек келіп, өз бағдарламасымен таныстыратынын хабарлады.
Оқи отырыңыз: Ерболат Досаев Алматы қаласының әкімі болып тағайындалды