Тікелей эфир

Ғани Бейсембаев мектепке хиджаб киіп келу туралы: Бәріміз заңға бағынуымыз керек

Оқушылар мектепке мектеп формасымен келуі керек.

Әлеуметтік желіде мектепте хиджаб кию мәселесі қызу талқыланып жатыр. ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев бұл мәселеге қатысты заңға бағыну қажеттігін атап өтті. 

Министр бұған дейін бекітілген бұйрықты еске салды. 

"2016 жылы мектепте оқитын оқушылардың бірыңғай формасына қатысты бұйрық бекітілді. Ол бұйрық өзгерген жоқ. Сондықтан оқушылар мектепке мектеп формасымен келуі керек. Бұл балалардың бірдей білім алуы үшін жасалады. Бұл бағытта ешқандай өзгеріс жоқ. Барлығы заң аясында және балалар мектепке белгіленген тәртіппен келуі керек", – деді Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев.

Ол мектепке барудағы мақсат – баланың сапалы білім, саналы тәрбие алуы екенін айтты.

"Енді біз көтеріп отырған сұрақ, яғни оқушылардың мектепке хиджаб киіп келуі осы мәселені шеше ала ма? Біріншіден, негізгі мақсат пен адамдардың қосымша ойын, идеясын шатастырмау керек. Бала мектепте сапалы білім мен саналы тәрбие алуға міндетті. Оны ата-ана қамтамасыз етуі керек. Бұл заңмен бекітілген, сондықтан бәріміз заңға бағынамыз", – деді ол.


Оқи отырыңыз: "Әңгіме хиджаб туралы емес". БҒМ өкілі оқушылардың мектепте орамал тағуына рұқсат беру жайында.


 

Серіктестер жаңалықтары