Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының финалдық сатысында ойнайтын барлық құрама белгілі болды. Соңғы үш жолдама Ұлттар лигасының плей-офф кезеңінде анықталды.
Ұлттар лигасы С тобының финалында Грекияны жеңген Грузия Еуропа чемпионатына алғаш рет жолдама алды. Грузия жартылай финалда Люксембургті 2:0 есебімен, Қазақстанды 5:0 есебімен жеңді.
Ұлттар лигасы А тобында Уэльс пен Польша кездесуінің негізгі кезеңі 0:0 есебімен тең аяқталып, пенальти сериясында польшалық футболшылар 5:4 есебімен жеңді. Ал В тобында Украина құрамасы Исландиядан 2:1 есебімен басым түсті.
Осылайша Грузия, Польша, Украина құрамалары Еуропа чемпионатында бақ сынайды.
А тобы:
- Германия
- Шотландия
- Венгрия
- Швейцария
B тобы:
- Испания
- Хорватия
- Италия
- Албания
С тобы:
- Словения
- Дания
- Сербия
- Англия.
D тобы:
- Польша
- Нидерланд
- Австрия
- Франция.
E тобы:
- Бельгия
- Словакия
- Румыния
- Украина
F тобы:
- Португалия
- Грузия
- Түркия
- Чехия.
Еуропа чемпионаты 14 маусымда Германия мен Шотландия арасындағы матчпен басталып, финалдық ойын 14 шілдеде өтеді.