Қазақстан мен Франция басшылары сауда-экономикалық, инвестициялық және энергетикалық ынтымақтастықты нығайту бойынша келіссөздер жүргізеді.
Франция президентін әуежайында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов қарсы алды. Бұл туралы ҚР Үкіметінің ресми Telegram арнасы жазды.
Қысқаша әңгіме барысында Үкімет басшысы Эмманюэль Макронның бұл сапары Астана мен Париж арасындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі дамытуға жаңа серпін беретініне сенім білдірді.
Еске сала кетейік, екі елдің көшбасшылары Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмманюэль Макрон сауда-экономикалық, инвестициялық және энергетикалық ынтымақтастықты нығайту бойынша келіссөздер жүргізіп, халықаралық және аймақтық күн тәртібіндегі мәселелерді талқылайды.
Оқи отырыңыз: Бауыржан Шөкенов: Франция қазақстандық киноның прокатына қаржылай қолдау көрсетеді