Тікелей эфир

FlyArystan ұшағының апаттық есігін ашып жіберген жолаушы 9,5 миллион теңге төлейді

Сондай-ақ, жолаушыдан мемлекеттік баж салығы өндіріледі.

FlyArystan әуе компаниясы Алматы қаласы Түрксіб аудандық сотының шешімімен ұшақтың апаттық есігін ашып жіберген жолаушыдан келтірілген залалды өтеу туралы талап қанағаттандырылғанын хабарлады

Оқиға кезінде жолаушылар мен экипаж зардап шекпеген, алайда әуе компаниясы трапты ауыстыру үшін 9 551 922 теңге залал келген. Алматы қаласы Түрксіб аудандық сотының шешіміне сәйкес, жолаушыдан материалдық залал сомасы және мемлекеттік баж сомасы өндіріледі.

Еске салайық, оқиға 2023 жылғы 23 желтоқсанда Шымкент – Алматы бағытында жасалған KC7106 рейсінде болған еді. Әуе кемесі қонғаннан кейін трапты күту кезінде жолаушылардың бірі 12-қатарда орналасқан және тек төтенше жағдайларда ғана ашуға арналған апаттық шығу есігін ашқан болатын. 2024 жылғы 17 қаңтарда жолаушы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 566-бабының 1-бөлігі бойынша (Әуе кемесіндегі тәртіп ережелерін бұзу) әкімшілік жауапкершілікке тартылды.  


Оқи отырыңыз: FlyArystan журналист Ләйлә Сұлтанқызының арызына қатысты мәлімдеме жасады


 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары