Еуразиялық одақ елдерінде маркетплейстер жұмысына ортақ ереже енгізіледі

Маркетплейстер ЕАЭО елдерінің бәрінде сатушылар мен сатып алушыларға бірдеі жағдай жасауы шарт.

Еуразиялық экономикалық комиссия ЕАЭО елдерінде маркетплейстер жұмысына ортақ тәртіп қойылатынын хабарлады. Комиссия мәліметінше, одаққа мүше елдер ортақ ереже туралы келісім жобасын мақұлдаған. 

Бұл жоба одақ аумағы арқылы өтетін материалдық және цифрлық тауарлар және көрсетілетін қызметтердің еркін айналымына жағдай жасайды. ЕАЭО елдері бұл ретте аталған қызметтерге қосымша тарифтік не бейтарифтік шектеулер енгізе алмайды. 

"Маркетплейстер ЕАЭО елдерінің бәріндегі сатушылар мен сатып алушыларға тең жағдайлар жасауға міндетті. Сондай-ақ, тауар карталарын, тапсырыс туралы ақпаратты, тауар және ақша қаражатын қайтаруды рәсімдеу процестері бірегейлендіріледі. Бұл келісім жеке мәліметтерді қорғау және дау-жанжалдарды сотқа дейінгі реттеу шараларын қамтиды", – делінген комиссия хабарламасында. 


Оқи отырыңыз: Цифрлық Қазақстан: IT-салаға 187 мыңнан астам маман жұмылдырылды


 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары