Тікелей эфир

Еуразиялық экономикалық одақ аумағында бірыңғай жұмыс іздеу жүйесі іске қосылады

"Шекарасыз жұмыс" іздеу жүйесін ертең, 1 шілдеден бастап пайдалануға болады.

"Шекарасыз жұмыс" – Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің ақпараттық жүйелеріндегі бос жұмыс орындары мен жұмыс іздеушілер туралы ақпарат алуға арналған іздеу жүйесі.

"Ортақ интеграциялық жүйені бір уақытта іске қосу үшін шетелдік әріптестермен бірлесіп мүше мемлекеттердің аумағында жұмыс іздеу бойынша негізгі ақпараттық жүйелер әзірленді. Олар: "Горц" армян ақпараттық жүйесі, Беларусь Республикасының Мемлекеттік жұмыспен қамту қызметінің ақпараттық порталы, қырғыздардың "Жұмыспен қамту" порталы, "Ресейдегі жұмыс" ақпараттық жүйесі және қазақстандық "Еңбек" порталы", – деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Оспанов.


Оқи отырыңыз: Қазақстанда жұмыс уақытын заңсыз созған жұмыс берушілер жауапкершілікке тартылады


Жүйе ЕАЭО-ның барлық жұмыс іздеушілері мен жұмыс берушілеріне ұлттық еңбек биржаларында жиналған, верификацияланған және жарияланған бос жұмыс орындары мен түйіндемелер бойынша жұмыс орнын немесе қызметкерлерді іздеуге мүмкіндік береді.

Серіктестер жаңалықтары