Тікелей эфир

Еуразиялық банк жеңілдетілген автонесие алуға өтініш беру үшін бірыңғай электронды кезек құруды қолдайды

Бірыңғай электронды кезек мемлекеттік жеңілдетілген несие бағдарламасы аясында автокөлік сатып алу механизмінің ашықтығын қосымша растауға ықпал етеді.

Жеңілдікпен автокредит беру бағдарламасы халық арасында үлкен сұранысқа ие, өйткені жаңа автокөлікті жылдық 4% мөлшерлемемен сатып алуға мүмкіндік береді. Бұл еліміздің автопаркін жаңартуға оң әсерін тигізеді, сондай-ақ отандық өндірушілерді қолдау болып табылады.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі Министрі Бағдат Мусин бейсенбіде Алматы тұрғындарымен кездесуінде жеңілдікпен кредит алып, автосалондар арқылы көлік сатып алу үшін бірыңғай электрондық кезек құруды ұсынды.

Халыққа жеңілдікпен автокредит беру операторы "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ өз бағдарламаларын үнемі жетілдіріп отырады және бұл жаңа автомобильдерге кредит беру нарығына оң әсерін тигізеді. Бағдарламаны іске асыру екінші деңгейдегі банктер арқылы жүргізіледі.

Мемлекеттік кредиттеу бағдарламасының ірі қатысушысы болып табылатын Еуразиялық банк Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен және "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ-мен тығыз ынтымақтаса отырып, бірыңғай электрондық кезекті іске қосу мемлекеттен кредиттік бағдарлама бойынша жеңілдікпен автомобиль сатып алу механизмінің ашық болуын растауға қосымша мүмкіндік береді деп есептейді.

"Бағдарлама операторы ретінде банк техникалық және стратегиялық тұрғыдан бірыңғай электрондық кезекті іске қосуға дайын. Бұл жағынан тәжірибеміз де бар. Біздің қарыз алушылар үшін бағдарлама іске қосылған сәттен бастап біз несиені мақұлдау мен несие алудың түсінікті және ашық процесін қамтамасыз еттік. Ақпараттық және ішкі қауіпсіздіктің барлық талаптарына сәйкестендіріп, ішкі процестерді ретке келтірдік. Қызметкерлер арнайы оқулардан өтті,  клиенттерімізге үнемі кеңес беріп, хабардар етеміз. Бағдарламаны іске асыру барысында туындайтын кез келген мәселелермен, шағым-ұсыныстарымен клиенттер біздің байланыс орталығымызға +7 (771) 000-77-22, +7 (700) 000-77-22, +7 (702) 010-77-22 телефон нөмірлері бойынша жүгініп, өз өтініштерін жолдай алады. Бірыңғай электрондық кезек жақын арада іске қосылады деп үміттенеміз", – деді Еуразиялық банктің Автокредиттеу жөніндегі атқарушы директоры Амир Таиров.

 

Серіктестер жаңалықтары