Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі Қазақстанда уақытша жүру тәртібін сақтамаған энтикалық қазақтардың көбеюіне байланысты ресми ескерту хабарламасын тартты.
Ведомство мәліметінше, шетел азаматтары Қазақстанда визасыз 90 күн жүре алатынына сеніп, алайда оның өзге талаптарына мән бермегендіктен түрлі құқық бұзушылық жасап, жазаға тартылып жатыр.
"Қазақстанға көшіп келген қандастардың көпшілігінің құжаттары құзырлы мемлекеттік органдарда тапсырғанбыз, еңді жұмысымыз толық аяқталды деп ойлайды, ол құжаттары құзырлы мемлекеттік мекемелерде қаралып жатқанын ұмытып кетеді. Соның салдарынан көп қандастар Қазақстанда тұру мерзімін өткізіп алады", – делінген ведомство хабарламасында.
Көші-қон қыметінің түсіндіруінше, Қазақстанға келген уақытта үш күн ішінде этникалық қазақ Qonaq сайтына тіркеліп 30 күн визасыз жүре алады. Ал Қазақстанда осы мерзімнен артық уақытқа қалатын болса, виза уақыты бітуден бір апта бұрын көші-қон қызметі полициясына хабарласуы керек. Алайда, осы талапты сақтамастан көп адам Қазақстан аумағынан депортация мен айыппұл түріндегі жазаға тартылып жатыр.
Оқи отырыңыз: Квота саны өседі. Биыл тағы 362 қандас Қазақстанға қоныс аудара алады
Қазақстанда болу мерзімі өткен жағдайда:
- 3 тәулік ішінде ескерту жасалады;
- 5 тәулікке дейін 10 АЕК (34 500 теңге) мөлшерiнде;
- 10 тәулік өткенге дейін 15 АЕК (5 1750 теңге) мөлшерiнде айыппұл салынады.
Ал бұл мерзім де өткен жағдайда 25 АЕК (86 250 теңге) мөлшеріндегі айыппұл салынады не Қазақстан аумағынан әкімшілік жолмен шығарылады.