Алматыдағы құтқару қызметінің мамандары ескірген әскери аяқ киіммен тау кезіп жүр, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Бұл жағдайды тұрғындардың бірі байқап әлеуметтік желіге жариялаған.
Төтенше жағдайдар министрлігі құқару қызметіне жауапты болмағандықтан, жағдайға қатысты пікір білдіре алмаймыз деді. Ал Алматы қаласы әкімдігінің мамандары құтқарушыларға жыл сайын екі рет арнайы нысанды киімдер беріледі деп отыр.
"Құтқару қызметінің жеке құрамы барлық қажет киім-кешекпен толық көлемде қамтамасыз етілген. Ағымдағы жылдың тамыз айында жазғы кезеңге 211 жұп жазғы етік шығарылды. Сонымен қатар жарияланымда көрсетілген фактілерді тексеру бойынша жеке құраммен жұмыс жүргізіліп жатқанын хабарлаймыз және құтқарушылар арасында тау етіктерінің болмауының себептері анықталып жатыр", – делінген әкімдіктің хабарламасында.