"Неке және отбасы туралы" кодекске сәйкес, алимент төлеу туралы келісім болмаған кезде кәмелетке толмаған балаларға ай сайын келесі мөлшерде алимент төлеу қарастылыған.
Ай сайынғы алимент көлемі:
- бір балаға ата-ана табысының – төрттен бір бөлігін;
- екі балаға – үштен бір бөлігін;
- үш және одан да көп балаға табысының тең жартысысын құрайды.
Алайда сарапшылар бұл алгоритмде көптеген маңызды факторлар ескерілмеген айтады.
"Алимент төлеуші өзінің нақты кірісін жасыруы мүмкін. Төлеушінің басқа некеден балалары немесе әртүрлі қаржылық міндеттемелері (мысалы, ипотека) болуы мүмкін. Керісінше, алимент мөлшері баланы асырауға қажетті қисынды сомадан едәуір асуы мүмкін. Есептеудің аталған жүйесі төлеушінің де, алушының да, балалардың да мүддесін ескермейді. Сондықтан алимент төлемдерінің сомаларын есептеу алгоритмін өзгерту ұсынылады. Ол баланың қалыпты даму үшін қажетті тауарлар мен қызметтердің "себеті" есептеулеріне (балаға қосымша соманы төлеуді шектемей) негізделуі керек. Бұл ретте алимент төлеушінің қаржылық жағдайын ескеру қажет", – деп жазылған "Қазақстандық отбасылар" ұлттық баяндамасында.
Оқи отырыңыз: "Баласына 15 мың теңгесін қимайды". Алимент өндіру үшін не білу керек?
Сарапшылардың мәліметінше, алимент төлеушілердің бір бөлігі – өзін-өзі жұмыспен қамтыған немесе зейнетақы аударымдарын төлемей қосымша табыс табатын адамдар. Егер жауапкер жұмыссыз болса, онда алимент бойынша берешек орташа жалақы мөлшерінен есептеледі. Егер жауапкер өзін-өзі жұмыспен қамтыған адам болып, бірақ салықтар мен зейнетақы аударымдарын төлемесе, алимент жұмыссыздық бойынша есептеледі.
"Мұнда да бұрмалану болуы мүмкін. Жауапкердің табысы бүкіл ел бойынша ресми орташа жалақы деңгейінен едәуір төмен болуы мүмкін. Жауапкерлердің, оның ішінде өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың табысын бақылау тетігін неғұрлым егжей-тегжейлі пысықтау қажет", – дейді мамандар.
Оқи отырыңыз: Алматыда алимент төлемей жүрген 70-ке жуық әке әкімшілік жазаға тартылды
Айта кетейік, Қазақстанда алимент төлеуден үш айдан астам уақыт жалтарғаны үшін қылмыстық жауаптылық көзделген. Ол үшін қоғамдық жұмыстарға тарту, екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза белгіленген.