Есірткіні орманда жасырған: Қостанай облысында күдікті әйел ұсталды

Фото: Polisia.kz
Фото: Polisia.kz
Жедел-тергеу іс-шаралары жалғасып жатыр.

Қостанай облысында есірткіні орманда жасырып, сатумен айналысқан күдікті әйел ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Қостанай облысында полиция қызметкерлері Қостанай-Садовое тасжолының бірінші шақырымында орналасқан демалыс аймағының жанында жүргізілген жедел-іздестіру шаралары барысында аса ірі мөлшерде есірткі құралдарының заңсыз айналымымен айналысқан 27 жастағы әйелді ұстады. 

"Қазіргі уақытта күдіктінің есірткіні орманда жасырғаны белгілі болды. Ұсталған әйелдің тұрақты жұмыс орны болмаған және есірткіге тәуелді екені анықталды. Жеке тінту барысында одан ақ жабысқақ таспамен оралған 14 бума есірткі тәркіленді. Сонымен қатар жалдамалы пәтерді тінту барысында 44 бума есірткі, бос zip-пакеттер, төрт жабысқақ таспа орамы және электрондық таразы табылып, тәркіленді", – делінген хабарламада. 

Сараптама қорытындысы бойынша, тәркіленген заттардың жалпы салмағы 33 граммды құрайтын мефедрон және "альфа PVP" синтетикалық препараттары екені анықталды. 

Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылып, полиция сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Жедел-тергеу іс-шаралары жалғасып жатыр.

 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары