Тікелей эфир

Ермек Маржықпаев президентке Олимпиадаға қанша спортшы баратынын айтты

Парижде барлығы 80 спортшы ел намысын қорғайды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаевты қабылдады, деп хабарлады Ақорда.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа ел спортшыларының ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарына дайындығы туралы есеп берілді. Сонымен қатар лицензиялық турнирлердің қорытындысы жөнінде баяндалды.
Министрдің айтуынша, төрт жылдықтың басты додасына Қазақстан ұлттық құрамасы спорттың 25 түрінен 92 лицензия иеленген. Парижде барлығы 80 спортшы ел намысын қорғайды.
Ермек Маржықпаев ұлттық құраманың Олимпиадаға дейінгі оқу-жаттығу жиындары мен спортшыларды қолдау шаралары туралы айтты. Сонымен қатар спортты басқару институттарын жетілдіру бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстардың есебін берді.
Мемлекет басшысы Олимпиада ойындарының спортшыларымызға зор жауапкершілік жүктейтінін атап өтті. Сонымен қатар Қазақстан құрамасы әлем алдында мәдениетті, ұстамды әрі озық үлгілерімен ерекшеленуге тиіс екеніне назар аударды.
Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары