Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов президент сайлауында таңдауын жасады.
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов президент сайлауында Астана қаласындағы №110 сайлау учаскесінде дауыс берді.
"Халықтың көңіл-күйін көрдік. Халықтың бұл сайлауға деген ықыласы күшті. Бұл тағдыршешті сайлау болып тұр. Мемлекетіміздің болашағы осы сайлауға байланысты болады. Сондықтан бүгін сайлауға халық өте көп келеді деп болжап отырмын. Екіншіден, мен еліміздің болашақ тұрақты дамуы үшін, бақуатты болуы үшін, оң өзгерістер болуы үшін дауыс бердім", – деді мәжіліс төрағасы.
Ерлан Қошанов дауыс беруге жұбайымен бірге келгенін айтты.