Қазақстанның мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин youtube желісіндегі бейнежазбасында қлттық құрылтай қоғамды ұйыстыру жолында идеялар ұсынатын диалог алаңы болатынын айтты.
"Ұлттық құрылтай қоғамды одан әрі ұйыстыру жолында идеялар ұсынуға және оны жүзеге асыруға бағытталған диалог алаңы болмақ. Оның құрамында 117 адам бар. Құрылтайға парламент депутаттары, саяси партиялардың, қоғамдық кеңестердің, кәсіпкерлер, білім, медицина, мәдениет, адам құқықтарын қорғау саласының өкілдері мен белсенді жастар мүше болды", – деді мемлекеттік кеңесші.
Ол сондай-ақ, ұлттық құрылтайды өткізудегі идеологиялық тұжырымдарды қамтитын үш ойды атады. Олар:
- Қазақстанның мемлекеттілігінің тарихи тамыры тым тереңде.
"Құрылтайдың Жошы хан кесенесінің іргесінде өткізілуінде ерекше мән жатыр. Біздің мемлекеттілігіміздің тамыры Алтын Ордадан бастау алып, қазақ хандығы дәуірінде қалыптасып, кейін Алашорда кезеңінде жалғасып, Тәуелсіз Қазақстан тұсында қайта жаңғырды. Осылайша, қазіргі мемлекеттілігіміздің тарихи тамыры тереңнен бастау алатыны айшықталып отыр", – деді Ерлан Қарин.
Оқи отырыңыз:
- Мемлекет басшысы: Жаңа Қазақстанда еңбекқор адам ең сыйлы адам болуға тиіс
- Президент: Қазақ мемлекеті аман тұрғанда, қазақ тілі жасай береді
- Ұлтты ұйысуға үндеу.
- Мемлекет мүддесі бәрінен биік.
"Қоғамдық келісім ұлттың жаңа сапасын қалыптастыруды көздейтін жаңарған жалпыұлттық құндылықтарға негізделетін болады. Жаңа құндылықтардың өзегі еңбекқорлық, еңбек адамына құрмет, кәсіби маманның абырой-беделі, қарапайымдылық, үнемшілдік, әрдайым білім-білікті арттыруға ұмтылу сияқты қасиеттер болмақ", – деді Ерлан Қарин.