Бүгін Азияда спортшылар спорттың 11 түрінен 38 медальға таласады.
Қытайда өтіп жатқан XIX Азия ойындарында көш басында Қытай халық республикасы келе жатыр. Бұл ел спортшылары қазірге дейін 20 алтын медаль иеленді. Үздік үштікке Оңтүстік Корея мен Жапония енген. Ал Қазақстан 10-орында.
Қазақстанның еншісінде әзірге екі медаль бар. Дзюдошы Абиба Әбужақынова күміс жүлде иеленсе, тағы бір дзюдошы Мағжан Шәмшадин қола жүлдені олжалады.
Жалпы, Азия ойындары биыл спорттың 61 түрі бойынша өтіп жатса, Қазақстан құрамасы спорттың 30 түрі бойынша қатысады. Сарапқа салынатын медальдер саны – 481.
Оқи отырыңыз: Казахстанский дзюдоист Магжан Шамшадин стал бронзовым призёром Азиатских игр