Тікелей эфир

Энергетика министрлігі: 2024 жылдың сәуіріне дейін автогаз 5 теңгеге қымбаттайды

Үш жыл бойы бағаны әр жарты жыл сайын көтеру жоспарлануда.

Қазақстанның Энергетика министрлігі сұйытылған газ бағасын үш жыл бойы жарты жылда бір рет 5 теңгеге өсірмекші. Бірінші өсім 2024 жылдың бірінші тоқсанында күтілуде. Бұл туралы Энергетика вице-министрі Әлібек Жамауов брифингте мәлімдеді.

Оның айтуынша, республикада бұл отынның айына 130-135 мың тоннасы өндірілсе, тұтыну деңгейі 10-15 мың тоннаға жоғары. Соңғы бір жылда қазақстандықтар 300 мыңнан астам автокөлікті автогазға ауыстырды.

"Бағаны көтеру мұнай өңдеу зауыттарын жаңғырту, халықты жанармаймен қамтамасыз ету және үнемді өндіріс мәселесін шешу үшін қажет. Жаңа бағаны есептегенде біз инфляция деңгейін де ескердік. Біздің бүкіл тұтыну қоржынымыз қымбаттап жатыр, сондықтан газды бұрынғы бағада ұстай алмаймыз. Бензин бағасы да инфляцияға, тұтынуға қарай біртіндеп өседі. Қанша қымбаттайтынын айта алмаймын", – деді вице-министр.

Ол сұйытылған мұнай газы жоғары өңделген өнім болып саналатынын, оны мотор отыны ретінде қолдану дұрыс еместігін айтты.


Оқи отырыңыз: Қазақстанда сұйытылған газдың жаңа шекті көтерме сауда бағасы күшіне енді


Олар ішкі нарыққа, соның ішінде "Теңізшевройл" қорынан қосымша жеткізілімдер арқылы тапшылықпен күресуді жоспарлап отыр. Сонымен қатар, Энергетика министрлігі "ҚазРосГаз" компаниясымен қаңтар айынан бастап Орынбор мұнай өңдеу зауытынан сұйытылған газ жеткізу туралы келісімге келді. Алдын ала есептеулер бойынша, жеткізілім айына 90 мың тоннаны құрайды.

"Автокөлік жүргізушілеріне балама отын – сығылған метанға назар аударуды ұсынамыз. Бүгінде ол сұйытылған мұнай газынан сәл қымбат, литрі 90-100 теңге тұрады", – деді ол.

Серіктестер жаңалықтары