Тікелей эфир

Энергетика министрі Сәтқалиев 6 айдан соң сұрақтарға қазақша еркін жауап беруге уәде етті

Министр ана тілінде еркін сөйлей алмайтыны үшін кешірім сұрады.

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев 6 ай ішінде журналист қауымының сұрағына қазақ тілінде жауап беруге уәде етті. Ол ана тілінде еркін сөйлей алмағаны үшін кешірім сұрады. 

"Кешіріңіз, әрине, мен ана тілімді білемін. Алайда маған тіл білу деңгейін жақсарта түсу керек. Осы орайда, жарты жыл уақыт беруді сұраймын. Сұрақтардың бәріне қазақ тілінде жауап беретін боламын. Кешірім сұраймын және 6 ай ішінде ана тілімде жақсы сөйлейтін боламын", – деп уәде етті Алмасадам Сәтқалиев орыс тілінде. 


Оқи отырыңыз: Үштілділік саясаты мен жаһандану. Қазақ тілін ғылым тілі ретінде дамытуға не кедергі?


 

Серіктестер жаңалықтары