Тікелей эфир

Енді жолды кез келген жерден кесіп өтетіндер жазаға тартылады

Тәртіп сақшылары көліктен бөлек жаяудың да жауапкершілігіне ерекше ден қоймақ.

Елімізде жол ережесін сақтамаған жаяу жүргінші де жаза арқалайды, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Ережені жиі елемегендер екі еселеп айыппұл төлейді.

Егер жол апаты мен материалдық шығынға себепкер болса қалтасынан қағылып қана қоймай, қамалуы да мүмкін. Енді тәртіп сақшылары көліктен бөлек жаяудың да жауапкершілігіне ерекше ден қоймақ.

"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 615-бабына сәйкес, егер бірінші рет әкімшілік жауапқа тартылған тұлға болса, бапқа сәйкес екі айлық көрсеткіш айыппұл салынады. Егер сол құқық бұзушылықты тағы да қайталанса 615-баптың 3-ші тармағына сәйкес 10 АЕК әкімшілік айыппұл салынады. Демек, өткелсіз жерден өтіп, белгі жоқ жерде белден басқандар 7 мың теңгеден бастап 37 мың теңгеге дейін айыппұл төлеуі мүмкін. Айыбын төлеп әдетін қоймай қайталап көзге түссе айыппұл екі еселенеді немесе үш тәулікке қамалады", – деді Тараз қалалық патрульдік полиция батальонының командирі Ержан Мананбаев.

Серіктестер жаңалықтары