Тікелей эфир

Енді жеке куәлік, паспорт берілгенде азаматтардан саусақ ізі алынады

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап саусақ ізін тіркеу талабы күшіне енеді. 

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап жеке куәлік, паспорт, шетелдіктің Қазақстанда тұруына рұқсат ететін ықтиярхаты берілгенде азаматтардан саусақ ізі алынады. Бұл туралы Ішкі істер министрінің бұйрық-жобасында жазылған. 

"Жадының сыйымдылығы кемінде 64 Кб болатын микросхемада Қазақстан Республикасының азаматы паспортының иесі туралы графикалық және мәтіндік, оның ішінде азаматтығы және заңды мекенжайы туралы ақпарат, оның фотобейнесі және қолы қорғалған түрде сақталады. "Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы" 2016 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы арқылы белгіленсе, 12 жастан бастап 16 жасқа дейінгі құжат иесінің қол саусақтарының ізі сақталады", – делінген Ашық НҚА порталында.

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап саусақ ізін тіркеу талабы күшіне енеді. 

Құжатты көпшілік 20 шілдеге дейін талқылай алады. 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары