![Фото: inalmaty](/storage/photos/211/main/01JKCY6Z2D40CJ9S15Z2SKCFV5.jpg)
Енді микроқаржылық ұйымдар төлемін 90 күн кешіктірген тұрғынға несие бере алмайды, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Әрі, сыйақы мөлшерлемесі мен қарызды өтеу тәсілін біржақты тәртіппен өзгертуге де тыйым салынбақ. Тағы бір шектеу өсімпұлды есептеу мерзіміне қатысты болып отыр. Себебі, қаржы ұйымдары 3 айдан асқан соң есептелген айыпақыны талап ету құқынан айырылады.
Бастысы, микроқаржылық ұйымдарға берешекті өндіру үшін жеке сот орындаушыларымен ынтымақтастық орнатуға болмайды. Бұл тәртіп нотариустарға да қатысты қолданылады.
Сонымен қатар тұтынушының келісімінсіз қарыз беру шартының қолданыс мерзімін ұлғайтуға мүмкіндік беретін норма күшін жояды.